📌 Мұсылмандар мен византиялықтардың шайқасында,
византиялық алып күшті бір адам шығып мұсылмандарды жекпе-жекке шақырады. Мұсылмандар жақтан да оған қарсы бір мұсылман шығады, бірақ көп өтпей византиялық оны шейіт қылады. Византиялық тағы да жекпе-жекке шақырады және тағы да бір мұсылманды шейіт қылады. Осылай жалғасып византиялықтың қолынан жеті мұсылман шаxид болады. Мұсылмандар әскері абдырап қалады! Ал византиялық тәкаппарлана жекпе-жекке шақыруын жалғастырады. Соңғы қатарда барлығын бақылап Абдулла ибн Мубәрәк тұрған еді...
Әуелі ол адам жайлы қысқаша айта кетейік. Абдулла ибн Мубәрәк кім?!
▶ Абдулла ибн Мүбәрәк - ұлы ғалым, xижра жылының 118 жылы Мервте , Түркменістанда дүниеге келген, ұлты түрік. Оның тізбегімен Имам Бухари, Муслим сияқты көптеген саxиx xадистер жеткен. Ибн Хиббан Абдулла ибн Мүбәрәк жайлы былай айтқан: «Ол өзіне замандастырының ешбірі жинай алмаған ең көркем қасиеттерді жинаған». Және ол Суфиян ас-Саури, Фудайль ибн 'Ийяд, Малик ибн Әнас және тағы басқа ұлы имамдардың заманында өмір сүрседе.
Суфиян ас-Саури айтты:
"Мен 'Абдулла ибн Мубарак білмейтін xадистің саxиx xадис екендігіне күмәнданамын».
Ол 4 мың имамнан білім алған. Оның 400 мың динар дүниесі болған (бұл ақшаға 1 600 000 қой сатып алуға болар еді) және жыл сайын кедей-кепшіктерге таратып беретін 200 мың динар табыс тапқан. Қысқасы Абдулла ибн Мубарак өз заманының ең дәулетті адамы болған. Солай бола тұра сауда мен ғылымды және жиһадты бірге алып жүрген.
Сонымен, соғысқа қайта оралайық, византиялық жеті мұсылманды шаxид қылған соң тағы жекпе-жекке шақыруды жалғастырады. Осы уақытта 'Абдуллах ибн Мубарак өз құлына қарап: «Егер мен өліп кетер болсам, менің дүние-мүлкімді былай жаса» деп қысқаша оған дүние мүлкін қалай бөлуді түсіндіреді
'Абдуллах ибн Мубарак көзін ғана ашып бетін орап жекпе-жекке шығады. Және оны ешкім танымады. Барлығының көзі осы сарбазға тігілген еді
'Абдуллах ибн Мубарак пен византиялық шайқасып, Абдуллах ибн Мубарак оны сылатып түсіреді. Содан соң , Абдуллах ибн Мубарак жекпе-жекке византиялықтарды шақыра бастайды. Және ол жекпе-жекке шыққанның барлығын мерт қылады. Олардың саны жетіге жетпейінше Абдулла ибн Мүбәрәк тынышталмайды. Осыдан соң византиялықтар артқа шегініп, онымен жекпе-жекке шығуға ешкімнің батылы бармайды.
'Абдуллах ибн Мубарак мұслмандар қосынана оралғанда құлына қарап: «Алламен ант етейін, егер сен бір адамға мен екенімді айтар болсаң, мен саған тіл қатпаймын» дейді
Құл бұл оқиғаны Абдуллах ибн Мубарак дүниеден өткен соң ғана баяндап берген...
📚Имам Аз-Захаби «Ат-Тазкия».